Алматыда қонақүйден ұялы телефондар, пышақтар мен есірткі заттары тәркіленді
Алматыда қонақүйден ұялы телефондар, пышақтар мен есірткі заттары тәркіленді
218
оқылды
Алматыдағы қонақүйлердің бірінен 22 ұялы телефон, 3 пышақ және есірткіге ұқсас зат салынған бума табылды, - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.
"Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін «үш тұтқын, оның ішінде бір әйел осы кешендегі бөлмені жалдап тұрғаны» анықталды. Бір нұсқа бойынша, пышақтар 5 және 6 қаңтарда тоналған қару-жарақ сататын дүкендерге тиесілі болуы мүмкін. Сондай-ақ түрлі маркалы 22 ұялы телефон да электроника дүкендерінен ұрланған болуы мүмкін. Сонымен қатар ұнтақ түріндегі, ашық түсті және ерекше иісі бар заты бар полиэтилен бумасы табылды. Ішіндегі заттардың тиесілігін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ерлан Әлмағамбетов.