Ертең Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады – Берік Уәли
Ертең Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады – Берік Уәли
Фото: yandex.kz
149
оқылды

Ертең, 8 ақпанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

Жиын барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі. Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен арнайы жиын өткізгені туралы жазған болатынбыз.