Шымкентте жазасын өтеп жатқан педофил қайтыс болды. Оқиға ИЧ-167/2 мекемесінде болған, – деп жазады otyrar.kz.
Марқұм кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін жазасын өтеп жатқан. Сотталушы құлағаннан кейін ауыр жарақат алған. Ауруханаға түсіп, шұғыл операция жасалған. Бірақ дәрігерлер тұтқынды аман алып қала алмады. Қазір прокуратура тексеріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң анықталады.«Факті бойынша түзеу мекемесіне тергеу-жедел тобы, прокуратура қызметкерлері келді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қызметтік тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда» делінген Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша департаментінің хабарламасында.
Бұған дейін Сәтбаев қаласының тұрғындары педофилдің пәтерін жөндеуден бас тартқанын хабарлаған болатынбыз.