Түркістан облысында жоғалған 17 жастағы қыз Алматыдан табылды
Түркістан облысында жоғалған 17 жастағы қыз Алматыдан табылды
Фото: yandex.kz
269
оқылды

Полицейлер Түркістан облысында жоғалған жасөспірім қызды Алматыдан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби аудандық полиция бөліміне арызданған тұрғын студент қызының жоғалғанын айтқан. Анасының айтуынша, 17 жастағы қызы түскі сағат 15:55 шамасында оқу орнынан үйіне қайта оралмаған. Полицейлер қызды екі күн бойы іздестіріп, Алматыдағы туысының үйінде жүргенін анықтады. Қыз анасымен ренжісіп қалып, үйінен кетуді ойластырған. Ешкімге айтпастан, Шымкент қаласындағы туысының үйіне барып, одан ары Алматыға кетіп қалған. Туысына үйінде екенін ешкімге айтпауды өтінген. Полицейлер қызды тауып, өз үйіне қайтарды.

Бұған дейін полицейлер жоғалған баланы арықта ұйықтап жатқан жерінен тауып берген еді.