Әскерилер екі сарбазды іздеп жатыр. Бүгін Қарағанды гарнизонында мерзімді әскери борышын өтеп жүрген екі сарбаз әскери бөлімнен кетіп қалған.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, екеуінің қолында қару жоқ.«Қазіргі уақытта сарбаздарды әскери полиция органдарымен және облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жедел іздестіруде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша кінәлілер қатаң жауапқа тартылады» делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін прокуратура өкілі Алматы мен Жамбыл облысының Полиция департаментін қару-жарағымен тастап кеткен қызметкерлер туралы айтқан еді.