Бүлікшілердің қолына түскен 1,5 мыңнан астам қарудың 967-сі табылды
Бүлікшілердің қолына түскен 1,5 мыңнан астам қарудың 967-сі табылды
Фото: time.kz
185
оқылды

Қаңтардағы қақтығыс кезінде жауапты басшылар Алматы мен Жамбыл облысы Полиция департаментінің ғимаратын қару-жарағымен бірге тастап қашқан.

Бас прокуратура Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаровтың айтуынша, бүлікшілер иеленіп кеткен қарулар әлі де іздестіріліп жатыр.
«Қызметкерлер шабуылшыларға қарсылық көрсетпей, Алматы және Жамбыл облысы Полиция департаменттерінің ғимаратын қару-жарақ, оқ-дәрісімен тастап кеткен. Бүлікшілер 1,5 мыңнан астам қаруды иемденген. Гранатомет, пулемет, автомат, тапаншалар мен гранаталар бар. Аңшылыққа арналған дүкендерден ұрланған қаруды қоспағанда, осыған дейін 967 қару табылды», – деді ол.

Бұған дейін Президент ҰҚК департаментінің басшылары қару-жарақ пен құпия құжаттарды тастап кетіп қалды деген болатын.