Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин талабы жеңілдейтінін айтты.
Тоғжанов 24 қаңтардағы Президент тапсырмасына сай, бизнеске жағдай жасау үшін негізгі карантиндік шектеулер алынатынына тоқталды.«Сондай-ақ шетелге барып-келу талабы жеңілдетіледі. Келесі апта, 14 ақпаннан бастап барлық мектептерде оқуды оффлайн режимге ауыстыруды жоспарлап отырмыз», – деді Ералы Тоғжанов.
Бұған дейін шекарадан өту тәртібі өзгергенін хабарлаған едік.