Шавкат Рахмонов UFC-дің топ-15 үздіктер тізіміне енді
Шавкат Рахмонов UFC-дің топ-15 үздіктер тізіміне енді
Жеңіліп көрмеген қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (15-0) алғаш рет жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінің топ-15 қатарына енді. Рахмонов және әлемнің басқа да үздік файтерлерінің жаңартылған тізімі UFC-тің ресми сайтында жарияланды. Қазір Шавкат жартылай орта дивизионда 15-орында тұр. Бұған дейін бұл орында "Кунг-фу патшасы" лақап атымен белгілі ресейлік Муслим Салихов тұрған еді.  width=