Іріктеуден өте алмады
Іріктеуден өте алмады
160
оқылды
8 ақпанда Бейжіңдегі Олим­­пиада ойындарында қазақ­стандық спортшылар үш спорт түрінен бақ сынады. Өкінішке қарай, шаңғышы­ларымыз еркін стильдегі жекелей спринтте төмен нәтиже көрсетіп, іріктеуден өте алмады. Биатлоншы Владислав Киреев жақсы өнер көрсетті. Ол жекелей жарыста үздік 25 биатлоны тізіміне енді. Сонымен қатар барлық ны­са­н­аны дәл көздеген екі спортшы­ның бірі атанды. Алайда ол мәреге жеңімпаздан төрт минутқа кешігіп келді. Ал Александр Мухин төрт рет мүлт кетіп, топ-50 қатарына да ене алмады. Конькимен жүгіруде Дмитрий Морозов жарысты 18-орынмен аяқтады.

А.ЖАСАНҰЛЫ