8 ақпанда Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар үш спорт түрінен бақ сынады. Өкінішке қарай, шаңғышыларымыз еркін стильдегі жекелей спринтте төмен нәтиже көрсетіп, іріктеуден өте алмады. Биатлоншы Владислав Киреев жақсы өнер көрсетті. Ол жекелей жарыста үздік 25 биатлоны тізіміне енді. Сонымен қатар барлық нысананы дәл көздеген екі спортшының бірі атанды. Алайда ол мәреге жеңімпаздан төрт минутқа кешігіп келді. Ал Александр Мухин төрт рет мүлт кетіп, топ-50 қатарына да ене алмады. Конькимен жүгіруде Дмитрий Морозов жарысты 18-орынмен аяқтады.
А.ЖАСАНҰЛЫ