Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен ерлер арасында 1500, әйелдер арасында 1000, 3000 метрге жарысудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, - деп хабарлайды Olympic.kz.
1500 метрге жарысудан Қазақстан атынан Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша ширек финалдық бәсекеге қатысты. Өкінішке қарай, Денис Никиша жарыс кезінде құлап қалып, ескерту алды. Ол өзімен бірге тағы бір канадалық спортшыны да жарыс жолынан шығарған болатын.
Ал Әділ Ғалиахметов топта екінші орын иеленіп, жартылай финалға жолдама алды.