Алматыда бір тәулікте 114 жол апаты тіркелді
Алматыда бір тәулікте 114 жол апаты тіркелді
341
оқылды
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, кешелі бері шаһарда 114 жол-көлік оқиғасы орын алған,16 апаттың 26 адам жарақат алған.
"Бір күнде 114 жазатайым оқиға орын алды. Бұл әдеттегі көрсеткіштен екі есе көп. Апаттың басты себебі - ауа райының нашарлауы", –Алматы қалалық ДП ресми өкілі.
8 ақпан күні таңертең Алматыны қою тұман басып қалды. Қалада көктайғақ салдарынан жаппай жол-көлік оқиғалары орын алып, соған байланысты полицейлер жүргізушілерге жүгінді, ал ТЖД көлік иелері мен жаяу жүргіншілерді абай болуға шақырды. 9 ақпан күні түстен кейін Алматыда қар жауа бастады, соған байланысты мегаполис басшылығы көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді сақтық шараларын берік ұстануды сұрады.