Танымал вайнер Мейіржан Төребаев ұсталды – журналист
Танымал вайнер Мейіржан Төребаев ұсталды – журналист
Сурет: vk.com/meir1983
Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовты сот қамауға алу туралы шешім шығарды, - деп жазады журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында.  Алайда, артынша кепілмен үшеуін де босатқан.
Ұсталған үш вайнер де ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) күдікті деп танылыпты. Егер оларға тағылған айып дәлелденсе, әрқайсысы 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Тергеу мәліметі бойынша Төребаев, Саидбаев және Шерниязов mudarabah capital қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, ол жерден иелерінің бірі ретінде тұрақты қаржы алып отырған», - деп жазды М.Козачков.
Еске салайық, бұған дейін аталған компанияның бас директоры Руслан Бурханов қамауға алынған болатын. Сондай-ақ оның қоластында істеген өзге де азаматтар күдікті ретінде тергеліп жатыр.