«Асеке, қуасың ба?» – Таразда әкім орынбасарының мас күйіндегі видеосы желіге тарап кетті
«Асеке, қуасың ба?» – Таразда әкім орынбасарының мас күйіндегі видеосы желіге тарап кетті
346
оқылды

Жамбылдық мемлекеттік қызметшілер масқараға қалды. Желіде Тараз қаласы  әкімдігі қызметкерлерінің мас күйінде ерегісіп тұрған видеосы жарық көріп, елді шулатуда.

Білетіндер видеода масайып тұрған қала әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев, ал ол итеріп жіберген адам қала әкімінің кеңесшісі Нұрбол Қожықов екенін айтады. Әзірге екі шенеуніктің не нәрсені бөлісе алмай қалғаны белгісіз және бұл видео қашан және қай уақытта түсірілгені анықталмай отыр. Десе де көпшілік қай уақыт болса да мемлекеттік қызметшінің, оның ішінде лауазымды адамның бұлайша жүруі Әдеп кодексіне сай келмейді деуде. Енді бір топ «видеода күн жарық болып тұр, демек жұмыс уақытында болуы мүмкін» деген болжамдарын жасауда. https://youtu.be/vHOtMcMvnKI   Бұл видеоға қатысты әзірге Тараз қаласы әкімдігі де, өзге құрылымдық мекемелер де ешбір жауап берген жоқ.

Айдар Айнабала