Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры қамауға алынды
Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры қамауға алынды
Фото: sputnik.kz
187
оқылды

Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Оспанбек Әлсейітов қамауға алынды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

«Павлодар облысы бойынша ҚМА аумақтық департаменті «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры Әлсейітовке және басқа да тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «ПМХЗ» ЖШС-ның дизель отынын өндіру процесін құрамдастыру жөніндегі функцияларын аутсорсингке заңсыз иеліктен шығару дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр» делінген ресми хабарламада.
Әлсейітов Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамалды. Факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Бұған дейін Павлодарда білікті кардиохирург қызметтен қуылғанын жазған болатынбыз.