Шымкентте ағаштағы қарды сілкіп түсіруге 600 миллион теңге бөлінгені рас па?
Шымкентте ағаштағы қарды сілкіп түсіруге 600 миллион теңге бөлінгені рас па?
Фото: nur.kz
236
оқылды

Әлеуметтік желіде талқыланған мәселеге қатысты әкімнің орынбасары пікір білдірді.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтің айтуынша, қалаға қар жаумаса, қаржы қазынаға кері қайтарылады. Әлеуметтік желіде Шымкентте ағаштардың қарын сілкіп түсіруге бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлінгені туралы ақпарат тарады. Қаланың қазынасынан жасыл-желекті күтіп ұстау және жұмысшылардың еңбекақысы, сол жұмысқа пайдаланылатын көлік пен арнайы техниканың жанар-жағармайына қаржы бөлінеді.
«Қала аумағы – 116 мың гектар. 6 миллионнан астам түп ағаш бар. Бұдан бөлек, қалада 8 саябақ пен 39 гүлзар бар. Әлеуметтік желіде жарияланған жазбадағы қарды сілкіп түсіру жұмысы жалпы жасыл желекті күтіп ұстаудағы көп жұмыстың бірі ғана. Мұндай жұмыс қауіпсіздік мақсатында адамдар жиі жүретін көпшілік орындардағы 66 220 түп ағашта жүргізіледі деп жоспарланып, қаржылық сметалық шығындары 891,4 мың теңге (600 миллион емес) қаралған», – деді Ерғали Білісбеков.
Егер қыста қар жаумаса, бұл қаржы толықтай бюджетке кері қайтарылады.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.