Ақылы жолдан қанша қаражат жиналды?

Ақылы жолдан қанша қаражат жиналды?

Былтыр ақылы жолдан түскен қаражат көлемі 8,1 миллиард теңгеге жетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Жалпы ұзындығы 682 шақырым төрт ақылы жол: «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Қорғас» республикалық жол учаскесінен 6,9 млрд теңге қаржы түсті. Былтыр 23 қарашадан бастап тағы 7 жол ақылы болды. Атап айтқанда, «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Өзбекстан шекарасы», «Талдықорған – Қапшағай», «Көкшетау – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолынан бір айдан астам уақыт ішінде 1,2 млрд теңге қаржы түсті. Жолдан жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға жұмсалады.

Алайда елімізде ақылы жолдың азабы азаймай тұр.