Ертең ауа райы қандай болады?
Ертең ауа райы қандай болады?
Фото: baigenews.kz
213
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 11 ақпанда ауа райы күрт құбылмалы болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында – тұман, күндіз көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, күші 15-20 м/с-ке артады. Ақтөбе облысының солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман, көктайғақ болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болжанады. Ақмола облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз оңтүстік-батыста екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болжанады. Күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с-ке артады. Қостанай облысының солтүстігінде және батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысын тұман басады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, өңірдің солтүстігінде және батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады. Күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыста және орталықта күші 15-20 м/с-ке артады. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыста, батыста желдің екпіні 15-20 м/с артады. Қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке жетуі ықтимал.