Ұсыныстардың барлығы қағаз күйінде қалып келе жатыр – Әлімжан Құртаев
Ұсыныстардың барлығы қағаз күйінде қалып келе жатыр – Әлімжан Құртаев
192
оқылды
Бүгін Елордада Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының жалпы отырысы өтті. Онда Әлімжан Құртаев жеңіл өнеркәсіптің жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы 1 пайызға жетпейтінін айтты.
"Еліміз Президенті Қ. Тоқаев 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында өндірісті дамыту, оның ішінде өңдеу өндірісін дамытуға баса көңіл бөлу керек екендігін айтты. Шынында да тауарды шикізат күйінде сатқаннан гөрі, оны өңделген тауарды сатқан кезде қосымша құн салығы бірнеше есе артатыны белгілі. Ел Президентінің тапсырмасымен өткен жылы "Өнеркәсіп саясаты туралы" арнайы заң қабылданған болатын. Осы заңның шеңберінде өнеркәсіпті дамытуға қолдау көрсету, өнеркәсіпті қамтамасыз ету мәселелерінің бәрі осы заңның шеңберінде қаралған. Жеңіл өнеркәсіп саласы да кешегі одақтың кезіндегі Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы 17 пайызды құраған болатын.  Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіптің жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы 1 пайызға жетпей отыр. Бұған бірнеше рет Парламенттік тыңдау өткізілген болатын. Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша Үкіметке ұсыныстар да жіберілді. Өкінішке орай, ұсыныстардың барлығы қағаз күйінде қалып келе жатыр" , – деді депутат Әлімжан Құртаев.