Тоқаев Татарстанда «КамАЗ» бен «Танеко» кәсіпорындарына барады
Тоқаев Татарстанда «КамАЗ» бен «Танеко» кәсіпорындарына барады
Фото: Берік Уәли Facebook-тағы парақшасынан алынды
154
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.  

Татарстан астанасының халықаралық әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алды.    width= Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлінің көрікті жерлерін аралап көреді. Татарстан президентімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар республиканың өзге қалаларында орналасқан «КамАЗ» және «Танеко» сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады.