«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы 18 ақпанда кезектен тыс ІХ съезд өткізеді. Бұл туралы «Атамекен» ресми хабарлады.
«Кезектен тыс съезді өткізу туралы шешімді «Атамекен» ҰКП төралқа мүшелері шығарды. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралады» делінген ресми хабарламада. Съезде мына мәселелер қаралады: – ҰКП басқару органдарының кейбір мәселесі; – ҰКП қызметін реформалау; – Кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері; – Басқа мəселелер де талқыланады.Биыл 17 қаңтарда Тимур Құлыбаев «Атамекеннен» кеткен еді.