Тимур Құлыбаев «Атамекеннен» кетті
Тимур Құлыбаев «Атамекеннен» кетті
Фото: kazenergy.com
543
оқылды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қызметінен кетті.

Бұл жайында палата сайты Тимур Құлыбаевтың үндеуін жариялады. «Мен бүгіннен бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы өкілеттігін доғаруды ұйғардым. Съезд делегаттары мен төралқа мүшелеріне маған сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын сегіз жыл бойы  басқару мен үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік болды. Қатардағы сарапшылардан бастап аудандық филиалдардың басшыларына дейін – «Атамекен» ұжымына бірлескен нәтижелі жұмыс үшін айрықша ризашылығымды білдіремін», – деді Тимур Құлыбаев. Сондай-ақ ол үндеуінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының азды-көпті жетістігіне де тоқталып, палатаның алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Тимур Құлыбаев 2010 жылдың сәуір айында «Атамекен одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының президиум төрағасы (ҰЭП) болып сайланған болатын.

Бұған дейін алпауыт ұлттық компаниялардың басшылары қызметтен кеткенін хабарлаған болатынбыз.