Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясын басқарудан неге бас тартты?
Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясын басқарудан неге бас тартты?
Фото: kazfootball.kz
398
оқылды

Кеше «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ сайлау комитетінің жиыны өтті. Бұл туралы федерация ресми хабарлады.

Комитет ҚФФ президенті сайлауына қауымдастық мүшелері ұсынған үміткерлердің құжаттарын қарады. Сайлау биыл 28 ақпанда ҚФФ конференциясында өтеді. ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков кандидатурасы сайлауға қатысудан бас тартуына байланысты тіркелмеді. Әділбек Жақсыбеков үндеу жариялап, федерация жұмысына сәттілік тіледі. Жиын қорытындысы бойынша алдағы сайлауға келесі үміткерлер тіркелді: Барменқұлов Әділет Назарбайұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ президентінің кеңесшісі; Жарылқасынов Ерлан Еркінбекұлы – «Қазақстан әуесқой футбол лигасы» ҚБ төрағасы; Қаниев Берік Сералыұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Lancaster Group Kazakhstan» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы; Лория Давид Григорьевич – «Нұр-Сұлтан қаласының футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ президенті; Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Қайрат» АФК президенті;