Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қамауда отырған Кәрім Мәсімовке қатысты мәлімдеме жасады
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қамауда отырған Кәрім Мәсімовке қатысты мәлімдеме жасады
© inbusiness.kz

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов тергеу изоляторындағы жағдайына шағымданбағанын айтты, – деп жазады Baigenews.kz.

Омбудсменнің айтуынша, ҰҚК бұрынғы төрағасы қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған адамдармен тең жағдайды қамауда отыр. Бірақ аздап айырмашылық бар.
«Біздің топтарымыз тексерді, бізде оған қатысты ақпарат бар болғанымен, оны ашып айтуға болмайды. Бізге әзірге Кәрім Мәсімовтен шағым түскен жоқ, сондықтан оған қатысты ештеңе айта алмаймын. Камера біреу болса да, бірнеше адамға арналған болса да камера. Ол қоғамнан оқшаулайды», – деді ол.
Бұған дейін Кәрім Мәсімовке қатысты іс қалай тергелетінін жазған болатынбыз.