Қыста балаларын велосипедпен тасыған әкеге көлік сыйға тартылды
Қыста балаларын велосипедпен тасыған әкеге көлік сыйға тартылды
193
оқылды
Күннің суығына қарамастан балаларын велосипедпен тасыған қызылордалық тұрғынға жаңа көлік табысталды. Блогер Асылхан Дүкенбаев ел тұрғындарынан жиналған ақшаға алынған көлік кілтін қалалық орталық мешіттің алдында табыстады.
"Қанат аға жақсы өмір сүруіне бәрі барын айтып, сыйлықтан бас тартса да, жаңа көліктің кілтін табыстауды ұйғардық. Бей-жай қалмай, көмек қолын созған, осы игі іске атсалысқан әрбір жанға алғыс айтамын. Үш күн ішінде шамамен 8 миллион теңге жиналды", - деді блогер Асылхан Дүкенбаев
Асылхан Дүкенбаев көлік сатып алғаннан кейін қалған ақшаны Отаровтың анасына сыйлады.
"Бастапқыда Қанат ағаға көлік әперейін дедік, сосын үй дедік, бірақ соңында Алланың қалауы болды. Жаңа темір тұлпардың кілтін табыс етіп отырмыз", - деді ол.