Мәжіліс бюросы отырыстың күн тәртібін нақтылады
Мәжіліс бюросы отырыстың күн тәртібін нақтылады
310
оқылды
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Депутаттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  заң  жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды. Заң жобасында мемлекеттік қызметшілер, олар­ға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары шы­ғыс­тарының аталған адамдардың кірістеріне сәй­кестігін бақылау енгізіледі әрі фискалдық және мансаптық санкциялар белгіленеді. Бұл ретте әрбір жағдайда адамға шығыстарының заңдылығын негіздеу мүмкіндігі берілетін болады. Аталған жаңа­лықтарды халықты жалпыға бірдей декларация­лаумен толық ауқымды қамтуды ескере отырып, 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Түзетулердің екінші блогы сыбайлас жем­қорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Палата қарауына волонтерлік қызмет, қайырым­дылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкі­мет­тік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселе­лері бойынша түзетулер туралы заң  жобасы бірінші оқылымда енгізілмек. Бюро отырысында қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заң жобасын жұмысқа алу мәселелері қаралды. Сонымен қатар Мәжіліс бюросы «Жаңа Қазақ­стан» депутаттық тобын тіркеді.