Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 20 адам қайтыс болды. Олардың 17-сі коронавируспен, 3-еуі пневмониямен ауырған.
12 ақпандағы мәлімет бойынша, 62 801 адам коронавирус инфекциясынан (61 600 КВИ+ және 1 201 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:- 7 653 пациент стационарда;
- 55 148 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
- 364 адамның жағдайы ауыр;
- 144 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 102 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.