Коронавирус жұқтырған 387 адамның жағдайы ауыр - министрлік
Коронавирус жұқтырған 387 адамның жағдайы ауыр - министрлік
© azattyq-ruhy.kz
9 ақпандағы мәлімет бойынша, 73 160 адам коронавирус инфекциясынан (–71 949+ және 1 211 КВИ-) емделуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  Олардың ішінде 8 509 пациент стационарда, 64 561 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 387 адамның жағдайы ауыр, • 157 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.