Джо Байден Ресейдің Украинаға 16 ақпан күні "басып кіретінін" айтты
Джо Байден Ресейдің Украинаға 16 ақпан күні "басып кіретінін" айтты
Сурет: © AP Photo / Susan Walsh
200
оқылды

АҚШ президенті Джо Байден 11 ақпанда Батыс елдерінің басшылары, Еуропалық Одақ және НАТО-мен бейнеконференция барысында Ресейдің 16 ақпанда Украинаға "басып кіретінін" айтты. Бұл туралы Politico газеті хабарлады.

"Президент Джо Байден Батыс басшыларымен бір сағаттық кездесуінде "16 ақпан" деген датаны атады", - делінген Politico мақаласында.
Аталған басылым "көптеген Америка шенеуніктеріне" сілтеме жасай отырып "16 ақпан күні Ресейдің Украинаға шабуыл жасайтынын айтқан. Сондай-ақ, Вашингтонның одақтастарын соққының зымырандар мен кибершабуыл арқылы жасалатынынан хабардар еткені туралы айтылған. Алайда жарияланымда бұл мәліметтерді растайтын дерек келтірілмеген. Басылым кей тұлғаның Джо Байден сөзіне күмән келтіріп отырғанын жазды.
"Еуропалықтар осы жағдайда тағы бір картинаны көріп отыр. Британ шенеунігі өздерінің барлау қызметінде 16 ақпанға қатысты басқа мәлімет барына тоқталды. Еуроодақтың екі дипломаты бұдан бетер күмән танытты", - деп келтірді басылым.
Der Spiegel мәліметінше, ЦРУ мен АҚШ әскерилері НАТО елдеріне Ресейдің Украинаға басып кіретіні туралы хабар берген. Бұл ақпаратта да 16 ақпан деген дата көрсетілген.