Алматы қаласында полицейлер Наурызбай ауданы тұрғынының қорасынан 8 "Сайга" қаруын тапты, - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
«Арнайы іс-шара кезінде 1984 жылы туған К. есімді азамат ұсталды. Оның 5 қаңтарда «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонағаны белгілі болды. Сонымен қатар, күдіктінің 12-калибрлі тегіс ұңғылы сегіз мылтықты ұрлағаны белгілі болды. Күдікті қару- жарақты сарайда жасырған. Барлық қарулар тәркіленді. Оларға сараптама тағайындалды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.Аталған қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр. Күдікті қамауға алынды.