Морозов UFC-дегі үшінші жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алды?
Морозов UFC-дегі үшінші жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алды?
129
оқылды
Қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-6) UFC турниріндегі жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды.  Морозов UFC турниріндегі екінші жекпе-жегінде мерзімінен бұрын ұтылды. Хьюстонда (АҚШ) өткен UFC 271 турнирінде Морозов бразилиялық Дуглас Силва де Андрадемен (28-4) кездесіп, екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңілді. Осы жекпе-жегі үшін Сергей Морозово 68 мың доллар сыйақы алды. Оның 14 мың доллары - жекпе-жек үшін, 50 мың - кештің үздік жекпе-жегі, 4 мың - жекпе-жек үшін қосымша сыйақы. Еске салайық, Сергейдің UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі ресейлік Умар Нурмагомедовке қарсы дәл осылай аяқталды (13-0). Осылайша, қазір Морозовтың UFC-дегі рекорды 1-2.