Бейжің-2022: фристайл-акробатикадан бір спортшы финалға өтті
Бейжің-2022: фристайл-акробатикадан бір спортшы финалға өтті
Фото: Сали Сабиров
177
оқылды

Фристайл-акробатикадан Бейжің Олимпиадасының іріктеу кезеңі аяқталды. Ақмаржан Қалмұрзаева үздік 12 спортшы бақ сынайтын финалға өтті, – деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ақмаржан Қалмұрзаева іріктеу кезеңінде 98.68 ұпай жинады. Алайда команда үздігі Жанбота Алдабергенова іріктеу кезеңінен өте алмады. Финал Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.

Бұған дейін Бейжіңде 4-орын алған спортшы туралы жазған болатынбыз.