Актер Азамат Сатыбалды ректор болып тағайындалды
Актер Азамат Сатыбалды ректор болып тағайындалды
Фото: ernur.kz
669
оқылды

Кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook-тағы парақшасында жазды.

Азамат Сатыбалды 1977 жылы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға қабылданды. 2000 жылы дипломдық жұмысын қорғауға Қостанай облыстық драма театрына жіберілді. 2001 жылы диплом алған соң,  М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына жұмысқа орналасты. Фильмдерде: 2001-2003 – «Қара шегіртке» - Ерлан 2008 – «Бақсы» - эпизод 2009 – «Ағайынды» - эпизод 2010 – «Жерұйық» - эпизод 2011 – «Дәрігер Ахметова» - Ринат 2011 – «Ғашық жүрек-2» - продюсер 2012 – «Сыныптастар» - Дәулет Егоров 2013 – «Парыз» - Нартай 2013 – «Бір кем дүние» - эпизод 2014 – «Қара шаңырақ» - Әлішер 2014 – «Абайлаңыз, сиыр!» - эпизод 2015 – «Рэкетир-2» - Қасым 2016 – «Үйге апарар жол» - эпизод 2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Ерлан 2017 – «Барлығы сен үшін» - Асқар рөлін сомдаған. 2002 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты, 2014 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды. 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған.