Түркістан облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды
Түркістан облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды
Фото: yandex.kz
170
оқылды

Түркістан облысында ауа райы күрт нашарлады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Түлкібас ауданында «Хоргос-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» республикалық маңызы бар А-2 авто жолының 593-619 км учаскесінде (Жамбыл облысының шекарасы-Түркістан облысы) барлық автокөлік үшін қозғалыс шектелді.
Полицейлер республикалық, облыстық маңызы бар жолдарды патрульдеп, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр.
Құтқарушылар жолға шықпау керегін ескертті.