Алматы орталығында оқ-дәрі толы рюкзак табылды
Алматы орталығында оқ-дәрі толы рюкзак табылды
156
оқылды
Алмалы ауданындағы Сейфуллин даңғылының бойында оқ-дәрі толы рюкзак табылды. Оны жұмысқа келген құрылысшылар баспалдақ астынан тауып алған.
Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстары кезінде бутиктің артқы есігі үнемі ашық тұрған, оған кез келген адам кіріп-шығып жүре беретін болған. Толы рюкзактан полицейлер мылтық және тегіс ұңғылы қаруға арналған әртүрлі калибрлі бірнеше ондаған патрондарды тауып, тәркіледі.
Бутиктің үстіңгі қабатында хостел бар, мұнда сондағы қонақтардың бірі рюкзакты арнайы жасырып кеткен деп болжауға болады. Мұның бәрі оқ-дәрілер табылғаннан кейін басталған тергеу барысында белгілі болады.Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі