Полицейлер қару-жарақ жасырған Меркі ауданының тұрғынын ұстады.
Меркі ауданының полицейлері Жаңатұрмыс ауылында 19 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерін тінту кезінде үй маңынан жерге көмілген дорба табылды. Бір дана Калашников автоматы, 3 травматикалық газ тапаншасы, автоматқа арналған 76 патрон және тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 26 патронды тауып, тәркіледі. Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады. Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.Жамбылда полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты зираттарды аралап, итпен іздеуге кіріскен болатын.