Полицейлер зираттарды аралап, ұрланған қару-жарақты итпен іздеп жатыр – видео
Полицейлер зираттарды аралап, ұрланған қару-жарақты итпен іздеп жатыр – видео
Фото: видеодан скриншот
170
оқылды

Таразда бір аптада 15 қару мен 1000-ға жуық патрон табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Ұлттық ұлан қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында жоғалған қару-жарақты іздеп жатыр. Қараусыз қалған нысандар, үйлердің жертөлесі мен шатырын тексеріп жатыр. Қаруды қолды еткендер ұрланған қару-жарақты тіпті зираттарға жасырып қойған. Қызметтік иттер де іздеуге атсалысып жатыр. Иттер полицейлерге қару мен оқ-дәрілерді тезірек табуға көмектеседі.
Бір аптада 15 қару табылды. Үш Калашников автоматы, 6 аңшы мылтығы, 3 Макаров тапаншасы, 3 травматикалық тапанша және әртүрлі калибрдегі 1000-ға жуық патрон табылды. Қару-жарақтар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.
https://youtu.be/Ra2jpKpgx6E

Бұған дейін Таразда Полиция басқармасының басшысы болған генералдың мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.