Президенттер отбасы: кімдер өз билігін ұлына тапсырды?
Президенттер отбасы: кімдер өз билігін ұлына тапсырды?
Бердімұхамедовтер отбасы. Фото: ТАСС
288
оқылды

Түрікменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовтің ұлы Сердар Бердімұхамедов 12 наурызда өтетін президент сайлауына түспекші. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Саяси сарапшылардың болжамынша, қазіргі президент билігін ұлына тапсырмақшы. Дегенмен монархиялық билеу жүйесі болмаса да, ұлын мұрагері еткен президенттер жоқ емес. Aikyn.kz олардың бірнешеуін тізіп шықты.

Сердар Бердімұхамедов қазір Түрікменстанның вице-премьері. Оның кандидатурасын Демократиялық партия ұсынған. Қазіргі президент Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов те осы партия атынан үш рет президент сайлауына қатысып, жеңіп шыққан еді. Бұған дейін Сердар Бердімұхамедовтің лауазымы жылдам көтерілген.

Гейдар және Ильхам Алиевтер

[caption id="attachment_184003" align="aligncenter" width="1200"]Гейдар және Ильхам Алиевтер Гейдар және Ильхам Алиевтер[/caption] Әзірбайжанды 10 жыл басқарған (1993-2003 ж.) Гейдар Алиевтен кейін билікке ұлы Ильхам Алиев келді. 2003 жылы 2 қазанда Әзірбайжанның мемлекеттік телеарналарында Гейдар Әлиевтің халыққа үндеуі оқылды. Онда ол ұлының пайдасына өз кандидатурасынан бас тартатынын мәлімдеді. 15 қазанда өткен президент сайлауында Ильхам Алиев 79,46% дауыс жинап, жеңіске жетті. Халықаралық бақылаушылар сайлау барысында көптеген заңбұзушылық тіркелгенін хабарлады. Оппозиция сайлаудың нәтижесін мойындамай, 3 мыңға жуық адам алаңға шықты. Оқиға орнына Ішкі әскер полкі жіберіліп, қақтығыста көп адам зардап шекті. 2003 жылы 12 желтоқсан күні Гейдар Алиев 80 жасында жүректен қайтыс болды. Кейін Ильхам Алиев төрт сайлауда да жеңіске жетіп, әлі күнге дейін Әзірбайжанды билеп отыр. 2017 жылы Ильхам Алиев әйелі Мехрибан Алиеваны Әзірбайжанның бірінші вице-президенті етіп сайлады. [caption id="attachment_184007" align="aligncenter" width="1200"]Гейдар Әлиев ұлы Ильхам және келіні Мехрибанмен Гейдар Әлиев ұлы Ильхам және келіні Мехрибанмен[/caption]

Хафез және Башар Асадтар

[caption id="attachment_184018" align="aligncenter" width="1200"]Башар Асад әкесі Хафез және анасы Анисамен Башар Асад әкесі Хафез және анасы Анисамен. Фото: Syrianhistory.com[/caption] Сирияны 30 жылға жуық уақыт басқарған Хафез Асад алғашында мұрагері ретінде ағасын, кейін үлкен ұлын дайындады. Алайда ағасы Рифат билікті басып алмақшы болған соң Хафез ойынан айныды. Кейін билікті үлкен ұлы Басильге бермекші болады. Бірақ Басиль 1994 жылы жол апатынан қайтыс болды. Сол кезде Лондонда офтальмология және көз хирургиясы мамандығында оқып жүрген 29 жастағы екінші ұлы Башарды Сирияға шақырып, әскери академияға түсірді. Ол кейін Республикалық ұланды басқарды, әскери атағы жылдам өсті. Осы кезде Хафез Асад билікті Башарға өткізу үшін офицерлерінің жаңа буынын дайындады. Бірінші вице-президент Абдель Халим Хаддам әулеттік мұрагерлікке қарсы шығып, президенттің бұл әрекеті социализм негіздеріне қайшы деп айыптады. Бірақ Хаддамды ешкім қолдамады, тіпті өз партиясының фракциясы оның сөзін мақұлдамады. 2000 жылы Хафез Асад жүректен қайтыс болды. Ертеңіне бірінші вице-президент Хаддам Башар Асадқа генерал-лейтенант атағын берді және оны армияның жоғарғы бас қолбасшысы етіп тағайындады. Сирия Парламенті Башар Асадты президент сайлау үшін президенттікке үміткердің ең төменгі жасын 40-тан 34 жасқа дейін төмендетіп, Конституцияны өзгертті. Кейін мемлекет басшысын сайлау туралы мәселе бойынша референдум өтті, нәтижесінде Башар Асад 97,29% дауыс жинап, Сирия президенті болып сайланды. Ол екінші референдум нәтижесінде де билігін сақтап қалды.

Джордж Буштар

[caption id="attachment_184029" align="aligncenter" width="1200"]Джордж Буштар Джордж Буштар. Фото: wmtw.com[/caption] Джордж Герберт Уокер Буш 1989 - 1993 жылдары АҚШ-тың  41-президенті болды. Ол АҚШ-тың Республикалық партиясы атынын сайлауға түскен еді. Джордж Герберт Уокер Буш президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін коммерциялық қызметпен айналысып, кітаптар шығарған. Республикалық партия оның ұлы Джордж Уокер Буштың кандидатурасын 8 жылдан кейін президент сайлауына ұсынды. Бірақ оның президент болуына әкесінің ықпалы болды, дей алмаймыз. Джордж Уокер Буш 2001 - 2009 жылдары АҚШ-тың 43-президенті болды. Әкесі президент болған кезде ол бизнеспен айналысты. 1989 жылы бейсбол клубының инвесторы болып, капиталын 15 млн долларға жеткізген. Саяси мансабы әкесі президенттіктен кеткеннен кейін өрлеген. 1994 жылы Техастың кіші губернаторы болып сайланды. 2000 жылы президент сайлауында жеңіске жетті. Олар тарихта үлкен және кіші Джордж Буш атанып кетті.