Болған ана Жошы ханның қызы болуы мүмкін

Болған ана

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейде Ұлытау өңіріндегі Болған ана кесенесінен табылған жәдігерлер көрмесі ашылды. Көрмедегі басты жәдігер – Болған ананың жаңғыртылған бейнесі. Ғалымдар оның ел аузындағы әңгімелерде айтылатындай Шыңғыс ханның қызы емес екенін анықтаған.

Көрмені ұйымдастырушылар Болған ана кесенесінде археологиялық қазба жұмыстары 2018 жылы басталғанын айтты. Қазба жұмыстары кезінде кесенеден алтын тостаған, жібек шапан, ер-тоқым, қару-жарақ және өзге де құнды жәдігерлер табылған.

Сонымен қатар ғалымдар Болған ананың тарихта кім болғанын анықтауға да назар аударыпты. Ұлттық музейдің Халық қазынасы ғылыми-зерттеу институтының басшысы, PhD доктор, археолог Айбар Қасеналиннің айтуынша, Болған ананың кім екенін анықтауға Ұлыбритания және Жапония ғалымдары да тартылып, мәліметтер аталған елдердегі лабораторияларда зерттеліпті.

Болған ана

Шетелдіктер жасаған зерттеудің алғашқы нәтижелеріне қарағанда, Болған ана Шыңғыс ханның қызы емес, Жошының қызы болуы мүмкін. Генетикалық сараптаманың алғашқы қорытындылары соны меңзесе керек. Сонымен қатар мамандар Болған ананың келбетіне реконструкция жасапты. Жаңғырту жұмысына бірнеше антрополог пен мүсінші қатысқан.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.