Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті ҰҚК ұйымдастырған - қорғаушы
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті ҰҚК ұйымдастырған - қорғаушы
фото: Orda.kz
194
оқылды
«Ақиқат» комиссиясының мүшесі және қорғаушы Гүлаим Сыдықова немқұрайлылық танытқаны үшін ҰҚК-ге қатысты  сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін айтады. 
«Қаңтардағы тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар – ҰҚК және полиция қызметкерлері. Ведомстволардың ғимараттарын тастап кетіп, немқұрайлылық танытқаны үшін қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тартып жатқаны туралы ешқандай мәлімет жоқ. Олар жоғарыдан келген бұйрықты орындауға тиіс емес еді, өйткені бұл мемлекетке сатқындық жасаумен тең. Олар ант берген. Әлеуметтік желіде ұсталғандарды азаптап жатқаны туралы көп айтылып жатыр. Күдіктілерді полицейлердің азаптайтыны туралы мәлімет бар. Олар "сенің кесіріңнен әріптесім көз жұмды" деп тура айтады екен. Соған байланысты полицейлер де тергеуге қатыспауы тиіс», – дейді комиссия мүшесі және қорғаушы Гүлаим Сыдықова.
Құқық қорғаушы Айман Омарова Алматыдағы тәртіпсіздікке ҚХР, Өзбекстан және Сауд Арабиясының тумалары қатысқанын айтады. Бұған дейін Бас прокуратура қылмыскерлер Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасын неге басып алмақ болғанын хабарлаған болатын.