1991 жылы елімізде 20 жаңа театр ашылған. Қазір Қазақстанда ел аумағында 65 театр жұмыс істейді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті Кинематография және театр өнері басқармасының бас сарапшысы Гүлнафис Мырзашева айтты.
Маманның айтуынша, қазақстандық өнер ұжымдары өз шеберлігін шете сахнасында да лайықты көрсеткен. «Үздік театр ұжымдарын анықтау мақсатында министрлік тарапынан жыл сайын республикалық, екі жылда бір рет халықаралық театр фестивальдары, сондай-ақ мамандардың шеберлігін шыңдау мақсатында мастер-кластар, практикумдар өткізіліп тұрады», – дейді маман.
2020 жылы Президент тапсырмасына сай, ерекше еңбек жағдайлары үшін мәдениет және архив қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына республикалық және жергілікті деңгейде тиісінше 50 пайыз және 35 пайыз мөлшерінде қосымша ақылар белгіленген.