«Мүгедектікке шығарып беремін» деп ақша алған әйел ұсталды
«Мүгедектікке шығарып беремін» деп ақша алған әйел ұсталды
Фото: polisia.kz
134
оқылды

Түркістан облысында «мүгедектікке шығарып беремін» деп алдап, ақша алған әйел ұсталды, – деп жазады Polisia.kz.

Кентауда полицейлер «мүгедектікке шығарып беремін» деген желеумен тұрғынның ақшасын жымқырған күдіктіні ұстады. Былтыр тамыз айында күдікті жәбірленушіден  құжаттарымен бірге 200 мың теңге алған. «Мүгедектікке шығарып беремін» деп уәде берген.
Жәбірленуші алданғанын білген соң полицяға шағымданған. Факті ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Полицейлер күдікті әйелді тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Күдікті тағы бір жәбірленушіні алдап, 100 мың теңгеден астам қаржы алғаны анықталды. Әйел бұрын ауруханада жұмыс істеген.
Тергеу жалғасып жатыр.