«Мүгедектік зейнетке шығарып беремін» – алаяққа сенген екі әйел миллион теңгесінен айрылды
«Мүгедектік зейнетке шығарып беремін» – алаяққа сенген екі әйел миллион теңгесінен айрылды
Фото: polisia.kz
176
оқылды

Қазығұрт ауданы ПБ-ға алаяқтың арбауына түскен екі тұрғын арызданған. Екеуі «мүгедектік бойынша зейнетке шығарып беремін» деген алаяққа ақша берген. Бір жылдан көп уақыт өтсе де, екеуінің ақшасын қайтармаған. Жәбірленуші әйелдер бір миллион теңгеден астам шығынға батқан.

Полицейлер күдікті ретінде жұмыссыз, бұрын сотты болған әйелді ұстады. Күдікті екі әйелден алған ақшасын өз қажетіне жұмсаған.

Бұған дейін «Әр балаға 50 мың теңге жәрдемақы алып беремін» деген алаяқтан зардап шеккен ауыл тұрғындары туралы жазған болатынбыз.