Бейжің Олимпиадасы: бүгін Қазақстан 1 спорт түрінен бақ сынайды
Бейжің Олимпиадасы: бүгін Қазақстан 1 спорт түрінен бақ сынайды
Фото: olympic.kz
227
оқылды

Бүгін 17 ақпанда Қазақстан спортшылары Бейжің Олимпиадасында тек бір ғана спорт түрінен өнер көрсетеді, – деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық спортшының жарыс кестесі (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен): 14:30. Конькимен жүгіру. Әйелдер. 1000 метр. Финал. Надежда Морозова, Екатерина Айдова. Бейжің Олимпиадасына 34 спортшы қатысып жатыр. 5 ақпанда шорт-тректен Қазақстан командасы жақсы нәтижеге жетті. Аралас эстафетадағы жарыста команда Бейжің Олимпиадасында бесінші болды. Қазақстан құрамасының басты үміті Юлия Галышева могулдағы екінші финалда сәтсіз өнер көрсетіп, 7-орынға ие болды. Дмитрий Рейхерд фристайл-могулдан жарыста 8-орынға ие болды. 13 ақпанда шорт-тректен Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтыққа жүгіруден 4-орынды иеленді. Ол ел үшін тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін отандық спортшылар ешқашан жеке жарыстардың финалында шорт-тректен өнер көрсеткен емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларды қолдау үшін жеделхат жолдады.

Олимпиадада медаль алмаса да, көштен қалмаған спортшылардың әрқайсысы 10 мың доллардан сыйақы алады.