Шығыс Қазақстанда аязға байланысты 1-4 сыныптар онлайн оқиды
Шығыс Қазақстанда аязға байланысты 1-4 сыныптар онлайн оқиды
Фото: infourok.ru
428
оқылды

Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауданда аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар онлайн оқиды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 17 ақпанда ауа райының нашарлауына, яғни аязға байланысты кейбір аудандардағы бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды.
«Алтай, Бесқарағай, Күршім және Тарбағатай аудандарында 1-4 сыныптар мектепке бармайды. Сондай-ақ Көкпекті ауданында ауа температурасының 32 градусқа дейін төмендегендіктен 1-11 сынып оқушылары онлайн оқиды», – деді ведомство өкілдері.