Бейжің Олимпиадасына қатысқан мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева допинг-сынамасының оң нәтиже көрсеткені үшін сынға ұшыраған болатын. Алайда еліміздің танымал әншісі Димаш Құдайберген 15 жастағы мәнерлеп сырғанаушыны сағы сынбауын тілеп, қолдау білдірді.
– Достар, қазақстандық спортшыларға жанкүйер бола тұра, бүгін көршілес еліміздің дарынды әрі талантты жұлдызы Камила Валиеваға қолдау білдіріп, сынға қалғанына қарамастан жеңіс тұғырына жеткеніне қуаныштымын!, – деді Димаш Құдайберген. Оның айтуынша, небәрі 15 жастағы қыз өзінің ерік-жігері мықты екенін, табандылығын көрсетті.