Бес жыл бұрын мың теңге үшін такси жүргізушісін өлтірген ер адам ұсталды

Бес жыл бұрын мың теңге үшін такси жүргізушісін өлтірген ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, осыдан 5 жыл бұрын астанада кісі өлтірген ер адам ұсталды.

Көкшетауда рейд барысында адам өлтірді деген күдікпен 27 жастағы ер адам ұсталды.
Күдікті 2017 жылы тамызда базар жанында Daewoo-Nexia жекеменшік таксиін жалдап, «Лесозавод» ауданына қарай жолға шыққан. Көрсетілген жерге келгеннен кейін жүргізуші мен жолаушы жолақы үшін жанжалдасқан. Такси жүргізушісі қызметінің құнына мың теңге сұраған. Бұл бағамен келіспеген жолаушы жүргізушіні 17 жерден пышақтаған. Жүргізуші сол жерде көз жұмды. Күдікті шетелге қашып кеткен. Полицейлер күдіктіні 5 жыл бойы іздеді.
«Күдікті ұсталғаннан кейін бұлтартпайтын айғақтарды көрген соң қылмысын мойындаған. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр»­ делінген хабарламада.

Бұған дейін 30 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.