Маңғыстау облысында әкімнің орынбасары Ғалымжан Ниязов 24 наурызға дейін үйқамаққа ауыстырылды. 16 ақпанда тергеушінің өтініші бойынша Ғалымжан Ниязовтың "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы "үйқамаққа" өзгертілді, – деп жазды Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметі. 4 ақпанда Ниязовтың қамауға алынғаны туралы хабарланды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол ауыр зардаптарға әкеп соқтырған өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Айта кетейік, сұйытылған мұнай газын жеткізуді Ғалымжан Ниязов қадағалаған. 1 қаңтарда Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасы литріне 60 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілді. Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары бағаны төмендетуді талап етіп көшеге шықты. Нәтижесінде үкіметтік комиссия белсенділермен кездесіп, газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендейтінін хабарлады.