Тоқаев өзінің қанша уақыт Президент болатынын айтты
Тоқаев өзінің қанша уақыт Президент болатынын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында президенттік қызметінің мерзіміне қатысты сауалға жауап берді.
"Бұл мәселе Конституциямызда жазылған. Бұл анық нәрсе. Оны бұзуға болмайды. Екі мерзім. Наурыздағы жолдауымда мүмкін осы маңызды мәселе жөнінде айтамын. Қазір сайлауға барамын ба, бармаймын ба айта алмаймын. Ерте", – деп жауап берді Президент.
Бұған дейін Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасының артында кімдер тұрғанын айтқанын жазған болатынбыз.