Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында 1 000 метрге конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Бұл сынға Қазақстан атынан екі спортшы қатысты. Біздің конькишілер арасынан үздік нәтижені Надежда Морозова көрсетті. Ол аталған қашықтықты 1:15.69 секундта жүгіріп өтіп, қорытынды есепте 11-орын алды. Екатерина Айдова 1:16.70 уақыт көрсеткішімен жарысты 19-орында аяқтады. Конькишілер додасында Олимпиада рекордын орнатқан жапондық Михо Такаги (1:13.19) жеңіске жетті. Екінші орынды нидерландтық Ютта Лердам (1:13.83), үшінші орынды америкалық Бриттани Боуи (1:14.61) иеленді.
Әбілмансұр ЖАСАН